КГУ «Первомайская общеобразовательная школа отдела образования Мендыкаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Ресми интернет-ресурс

Алдын алу бойынша іс-шаралар

Previous Next

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ

Ақпарат

 Мамыр 2024 жыл

20.05.2024 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ «Назар аударыңыз, балалар!» Республикалық науқаны өтті, ол 2024 жылдың 20-30 мамыры аралығында өткізілді. Меңдіқара ауданының ПБ ЖПҚБ патрульдік полициясы полиция тобының қызметкерлері – Меңдіқара ауданы ПБ ЖПҚБ бастығы, полиция подполковнигі Р. Е. Сәбитов пен полиция старшинасы Ж. С. Байманов бастауыш буын оқушыларымен әңгімелесу өткізді. Олар балаларға жол қозғалысы ережелерін, жол маңындағы ойындардың қауіптілігін еске салды. Сонымен қатар, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде велосипедтен немесе скутерден түсіп, оларды жаяу ұстап өту керек екенін айтты. 

Науқан жол қозғалысының заңға бағынатын қатысушыларын тәрбиелеуге, жазғы кезеңде балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуға және балаларды жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттауға және жол қозғалысына қауіпсіз қатысуға тартуға бағытталды.

Записаться на прием