5-8 және 10 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша емтихан өткізу туралы
Екінші жыл қатарынан 5-8 және 10 сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан өткізіледі. Емтихан білім алушылардың осы пәннің бағдарламаларының мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында өткізіледі. Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым сияқты дағдылар бағаланады.
Емтихан тапсырмаларын мектептің педагогикалық құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптары мен оқу процесінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірледі.
Емтихан кестесі келесідей болып белгіленді:
5-6 сыныптар: 26 мамыр 2025 жыл
7 сыныптар: 27 мамыр 2025 жыл
8 және 10 сыныптар: 28 мамыр 2025 жыл
Педагогикалық ұжым мен мектеп әкімшілігі оқушыларға емтиханнан сәтті өтіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тілейді.