КГУ «Первомайская общеобразовательная школа отдела образования Мендыкаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Ресми интернет-ресурс

"Білім беру құндылықтары: жаңа құзыреттер мен нәтижелер"

Previous Next

МЖМБС жобасын талқылау шеңберінде 2024 жылғы 5 маусымда Первомай жалпы білім беретін мектебінің базасында "Білім беру құндылықтары: жаңа құзыреттер мен нәтижелер" тақырыбы бойынша басшының ОТЖ жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өтті. Семинарға ауданның барлық мектептерінің оқу ісінің меңгерушілері қатысты.
Топтық жұмыс барысында қатысушылар жаңа жағдайдағы білім беру құндылықтарын, құзыреттіліктер мен білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талдады. Педагогтер жұмысқа белсенді араласып, әріптестерімен пікірталас жүргізіп, таңдаған ұстанымды дәлелдеді. Практикалық жұмыс жобаларды қорғаумен және түлектің жалпы моделін құрумен аяқталды. Өзекті тақырып аудан мектептерінің әдістемелік және педагогикалық кеңестерінде жалғасын табатын болады.

Записаться на прием