Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді
5 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде мекеме қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың өзгерістеріне мониторинг жүргізу» тақырыбында құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізілді.
Іс-шара барысында педагог қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті өзгерістермен танысты.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ кәсіби қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарастарды қалыптастыруға ықпал етеді.





