Педагогтердің кәсіби этикасы мәселелері нұсқаулықта қаралды
19 наурызда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу аясында «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ «Педагогтің этикалық нормалары» тақырыбында нұсқаулық өткізілді.
Нұсқаулық барысында кәсіби этиканың негізгі принциптері, оның ішінде адалдық, объективтілік және білім алушыларға тең көзқарас түсіндірілді.
Ата-аналармен өзара іс-қимыл және сыйақылар мен өзге де заңсыз артықшылықтарды алуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара педагогтардың кәсіби мәдениетін нығайтуға және адал мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.





