2026 жылдың 27 сәуір айында Меңдіқара ауданының полиция қызметкерлері - полиция аға лейтенанты С. Е. Испулов және полиция капитаны Р. А. Снабаев Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі" КММ 6 сынып оқушыларына профилактикалық дәрістер өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға велосипед, электросамокат және мотокөліктерді басқару ережелерін қоса алғанда, жол қозғалысы саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді. Жолдағы қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, оқушылармен құқықтық сауаттылық пен заңға мойынсұнушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.





