27 мамырдан 31 мамырға дейін Первомай жалпы білім беретін мектебінде білім алудағы олқылықтарды толтыру мақсатында Жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылды. Жазғы мектепте білім алу немесе оны бекіту керек екенін сезінген және түсінген барлық оқушылар оқи алды. Ата-аналардың өтінішіне сәйкес, жазғы мектепке 2-8 және 10 сыныптардағы 100 оқушы қатысты. Жазғы мектептегі сабақтар білім алушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, стандартты емес түрде өтті. Оқушыларға зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін әртүрлі сараланған тапсырмалар ұсынылды. Өткізілген сабақтар білімдегі кейбір олқылықтарды жоюға және ең күрделі деген тақырыптарды егжей-тегжейлі пысықтауға мүмкіндік берді.
Жаңалықтар
Жазғы мектеп – 2024
Қаралды: 45