2024 жылдың 30 қазан күні білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Первомай жалпы білім беретін мектебінде «Қазақ тілі сабағында сандық білім беру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар тәжірибе алмасуға бағытталған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері У. С. Игисенова, А. К. Айтимова, Б. Е. Арыстанова, А. А. Садуова, Г. А. Қарабала семинарға қатысушылармен өз жұмыстарымен бөлісті. Семинарға ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.